Алматыда блокбекеттердің қайтадан қойылатыны рас па?

/image/2020/06/14/crop-73_8_370x493_4r9ewlkckhq7pfnpgg2j_eqjhcxe4y683suxv4o4m.jpg

Алматы әкімдігі қалаға кіріп-шығуға тыйым салынады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Алматыда карантиннің күшеюіне байланысты қайтадан блокбекттер қойылып, көлік қозғалысына шектеу қойылады деген ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Мұндай сенімсіз ақпараттарға сенбеңіздер. Барлық шынайы ақпарат қала әкімдігінің сайты секілді ресми ақпарат көзінде жарияланады", деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 11 маусымда әлеуметтік желілерде Алматы облысында қайтадан блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат тараған болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар