Елорда кәсіпкерлері 118 млн сома көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы қаржы мониторингі комитеті хабарлады.
"Қаржы мониторингі комитеті Нұр-Сұлтан қаласында «QazIndustry» (қазақстандық индустрия және экспорт орталығы) АҚ бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша 2 кәсіпкерге қатысты қылмыстық тергеуді аяқтады. Айыпталушылар кәсіпорындарға жалған тұлғаларды рәсімдеп, іс жүзінде негізгі қызметті өздері жүргізіп отырған. Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы сотының үкімімен кәсіпкерлер ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-тарауы бойынша (алаяқтық) кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 жыл бюджет қаражатын алуға қатысты қызметпен айналысу құқығы мен 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот сонымен қатар ынтымақтық тәртіпте кәсіпкерлерден «QazIndustry» (қазақстандық индустрия және экспорт орталығы) АҚ пайдасына мүліктік залал есебінде 118 млн теңге мен мемлекет кірісіне әр кәсіпкерден 1 млн 770 мың теңгені мемлекеттік бажға өтеу түрінде өндіріп алуға қаулы шығарды" делінген хабарламада.
Пікір қалдыру