Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларына жоспарлы түрде госпитализациялау тоқтатылды, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Қаланың ауруханаларында консервативті және хирургиялық емдеуге жоспарлы госпитализация 2020 жылдың 15 маусымынан бастап тоқтатылды" делінген хабарламада.
Енді мемлекеттік ауруханаларда шұғыл операциялар ғана жасалады.
Бұған дейін, төтенше режим кезі – наурыз айының ортасы мен 11-мамыр аралығында елордада науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялау тоқтатылған болатын. Енді 15 маусымнан бастап бұл жүйе қайта енгізілді.
Жедел көмек қаланың барлық ауруханаларында толық көлемде көрсетіледі.
Пікір қалдыру