Тағы бір министр өз-өзін оқшаулады

/image/2020/06/16/crop-133_34_428x575_article_19217.jpg

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өз-өзін оқшаулады. Ол коронавирус жұқтырған ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болған.

"Мағзұм Маратұлы өткен жұма күні Денсаулық сақтау министрімен бірге ұшып келді. Сондықтан байланыста болған тұлға ретінде ол үйінде оқшауланды. Министр тест тапсырды, нәтижесі теріс. Апта соңында тағы тапсыратын болады. Дегенмен, ол барлық жұмыс жиналыстарын, келіссөздерді онлайн режімде өткізіп жатыр" деп хабарлады сейсенбіде министрліктің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде короновирус жұқтырған министрмен байланыста болған Асқар Мамин, Бердібек Сапарбаев, Асхат Аймағамбетов оқшауланған. Тапсырған тест нәтижелері теріс шыққан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар