Шымкент қаласында прокуратураның 36 қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
– Өткен жексенбіде әл-Фараби ауданының прокуратурасында қауіпті індетті жұқтырған 14 қызметкер анықталды. Қазір олар өздерін жақсы сезінеді, үй карантиніне алынып, оқшаулануда. Бірінші күні олардан анализ алынған болатын, енді жеті күннен кейін тағы да алынады. Егер де нәтижесі теріс шықса, жұмыстарын қайта жалғастырады, – деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілі Талғат Серманисов.
Осылайша Шымкентте барлығы 36 прокурор коронавирус жұқтырған.
Пікір қалдыру