Үндістан билігі даулы Кашмир аймағындағы Ладах елді мекенінде қытайлық күштермен қақтығыста кемінде 20 үндістандық қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл 45 жылдан бергі екі ел арасындағы қақтығыс салдарынан болған алғашқы өлім-жітім.
Үнді армиясы бастапқыда үш сарбазы өлтірілгенін айтып, екі жақ та шығынға ұшырағанын жеткізген. Бірақ кейінірек шенеуніктер бірнеше жарақаттанған сарбаз алған жарақатынан қайтыс болғанын мәлімдеді.
Үндістанның сыртқы істер министрлігі Қытайды "Галван алқабында нақты бақылау сызығын (LAC) құрметтеу үшін өткен аптада жасалған келісімді бұзды" деп айыптады.
"Қызметтік міндетте ауыр жарақат алған 17 үнді әскері жарақаттан қаза тауып, қақтығыс салдарынан көз жұмғандардың барлығы 20-ға жетті" делінген үндістандық тарап мәлімдемесінде.
Қытай зардап шеккендерді растамады, бірақ Үндістанды "Қытай шекарасын бұзып кірді" деп айыптаған.
Пікір қалдыру