Нұрлан Нығматулин оқшауланды

/image/2020/06/17/crop-66_71_1070x1605_47962.jpg

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин оқшаулануға кетті. Мәжіліс төрағасы карантиндік шараларды қатаң сақтап, жалпы отырыстарды қоспағанда ешкіммен тікелей байланыста болмады.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин әрбір жалпы отырыс сайын коронавирусқа тест тапсырды.

9-11 маусымы аралығында Мәжіліс Төрағасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің жобасына Сенат енгізген түзетулерге байланысты Денсаулық сақтау министрін қабылдаған болатын. Елжан Біртановтың оң сараптамасына байланысты, 16 маусымда Мәжіліс Төрағасы тағы бір сынақтан өтті. Өкінішке қарай, тест оң нәтиже көрсетті. Диагноз симптомсыз түрі деп қойылды.

Осыған орай, Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта Мәжіліс Төрағасы қашықтықтан жұмысын жалғастыруда. 17 маусымда өтетін Мәжілістің жалпы отырысын вице-спикер өткізуде.

Мәжілістің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар