Алматыда соққыға жығылған 79 жастағы зейнеткерге қатысты тың мәлімет шықты

/image/2020/06/17/crop-12_9_697x1239_2020061711093917029_2020061710513548066_934bd71f-3b26-454f.jpg

Жетігенде полиция 79 жастағы зейнеткерді сабаған адамды тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтының дерегін негізге алып. 

14 маусымда Жетіген ауылында тұратын 79 жастағы әйел көптеген дене жарақаттарымен Іле ауданының Орталық аудандық ауруханасына түсті. Жәбірленуші жалғыз тұратынын, үйде өзі құлап жарақаттанғанын айтқан. Сөйтіп ол полицияға арыз жазудан бас тартып, сот-медициналық сараптамадан өтті.

"Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Нәтижесінде полицейлер қарияның таныс құбысымен арадағы жанжалдан таяққа жығылғанын анықтады. Оны Жетіген ауылының 70 жастағы тұрғыны күрекпен ұрғанын мойындады. Айғақты заттар қылмыс құралы ретінде сараптамаға жіберілді. Күдіктіге қатысты іс жүргізу кезінде полиция келу міндеттелді. Жағдайдың барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында белгілі болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар