Ғалымдар коронавирустың күтпеген ерекшелігін анықтады

/image/2020/06/17/crop-25_17_1045x1859_20200128_zaa_s197_031.jpg
COVID-19 көлеңкелі, ылғалды ортада жасырынып, белгілі бір уақыттан кейін адамдарға тағы да жұғатыны белгілі болды. Бұл туралы Қытайда ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының басшысы, Қытай ғылым академиясының академигі Гао Фу айтты, деп жазады ria.ru.
 
– Вирус көлеңкелі, ылғалды, салыстырмалы түрде ластанған ортада жасырынатыны белгілі болды. Біз мұны елестетпедік.  Ал белгілі бір уақыттан кейін ол кенеттен пайда болады және көптеген адамдарға жұғады, – дейді Гао Фу.
 
Оның айтуынша, Пекиндегі коронавирустың қазіргі жаңа түрі мамыр айының соңында немесе маусымның басында емес, бір ай бұрын басталған. 
 
"Қазірдің өзінде көптеген симптомсыз тасымалдаушылар бар. Бұл жағдайда қоршаған ортада вирус күрт көбейеді. Бұл біздің болжамымыз, бірақ қосымша зерттеуді қажет етеді. Бірақ бұл эпидемияның алдын алу және бақылау тұрғысынан ескерту болып табылады", дейді сарапшы. 

Өткен тәулік ішінде Бейжіңде коронавирустың 37 жаңа жағдайы анықталды.  31 адамнан коронавирус табылған. Олардың алтауы симптомсыз тасымалдаушы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар