Коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда өзімізді қалай ұстауымыз керек

/image/2020/06/17/crop-23_17_773x1031_3ro10cnkz7p5y3xaakpn_btga8oz30siuhkgiik8m.png

Коронавирус инфекциясының ауру белгілері жоқ формасы оң нәтиже көрсеткен жағдайда – бұл шағымдардың және клиникалық белгілердің болмауы, өкпені инструменталды (аспапты) көзбен шолу кезінде патологиялық өзгерістер болмайды.

COVID-19 ауру белгілері жоқ формасын жұқтырған адамдар инфекцияны таратушы көзі болып табылады, сонымен бірге, оларда 14 күндік бақылау кезінде клиникалық белгілер байқалуы мүмкін.

Коронавирус инфекциясына диагностика екі тәсілмен жүргізіледі: эспресс-тестілеу жүргізу және ПТР тексеру арқылы. Экспресс тесттер қан тапсыру арқылы алынады, ал ПТР диагностикалау үшін мұрын қуысы мен жұтқыншақтан биологиялық материал алынады.

Коронавирус инфекциясына тестілеуді келесі зертханаларда өтуге болады:

• «Ұлттық сараптама орталығы» (Жібек Жолы көшесі 3); ПТР әдісімен COVID-19 тестінің құны – 11 500 тг, nce.kz сайты арқылы онлайн түрде жазылуға болады; тел. 382-35-65
• «Medical Partners Korea Clinic» (MPK) ЖШС оңтүстік корейлік мобильді скрининг-орталық (әл-Фараби даңғылынан төмен, Қазыбаев көшесінен кіруге болады, «Нұрлы тау» БО); қызмет құны – 15 500 тг, онлайн жазылу mpk.kz сайты арқылы жүргізіледі, тел. 355-41-00
• «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалыық зертхана, (Гагарин көшесі, 236б, Халиуллин көшесі, 32, Байқазов көшесі, 221/155, Жандосов көшесі 1В, Сейфуллин көшесі, 549) ПТР арқылы тесттің құны – 15 400 тг+қан тапсыру 540 тг, онлайн жазылу kdlolymp.kz сайты арқылы жүргізіледі; 259-79-69
• «Медикер» ЖШС (Сәтпаев көшесі, 18А); ПТР әдісі арқылы тесттің құны – 19 000 тг; mediker.kz сайты арқылы онлайн жазылу жүргізіледі; 311-51-16

«Атакент» ҚІЫО аумағындағы жаңа зертханада коронавирусқа тесттен келесі азаматтар тегін өте алады:

• жұмыссыздар;
• аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері;
• мүмкіндігі шектелген адамдар;
• стационарға жоспарлы түрде жатқызылатын пациенттер;
• Тыныс алу, эндокриндік және жүрек қан тамырлары жүйесі бойынша динамикалық бақылауда тұрған 50 жастан асқан пациенттер.

1. Коронавирус инфекциясына тесттен оң нәтиже алған жағдайда және ауру бергілері болмаса тіркелген емханаға хабарласу керек немесе үйден шықпай 3000-103 номері арқылы call-орталыққа хабарлау қажет.

Ауру белгілері жоқ форманы жұқтырған азаматтар үй жағдайында АМСК учаскелік дәрігерлерінің бақылауында Бас Мемлекеттік санитар дәрігердің Қаулысына сәйкес эпидемияға қарсы режимді сақтау арқылы бақылауға алынады.

Медициналық бақылау келесі алгоритмге сәйкес жүргізіледі:
• күнделікті екі рет қоңырау шалу;
• жалпы жағдайын бағалау, температура, шағымдарын анықтау (жөтел, тыныс алуының қиындауы, әлсіздік, тершшеңдік, іштің кебуі, бөртпе, миалгия және басқалары)
• сатурация (мүмкіндігінше)
• қажет болған жағдайда видекеңес беру, үш күнде бір реттен кем емес

Ауру белгілері жоқ азаматтар оқшауланудың оныншы күні мұрын қуысынан алынған жұғындының ПТР нәтижесі бойынша бір рет теріс нәтиже шықса, медициналық бақылаудан алынады. ПТР нәтижесі оң шықса, медициналық бақылау 14 к.нге дейін созылады, одан кейін ауырған адам белгілері жоқ болса, медициналық бақылаудан алынады.

1. Клиникалық белгілері дамыған кезде (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тыныс алудың қиындауы) бақылау кезінде науқас инфекциялық стационарға жолданады.

Дене қызуы үш күн бойы 38,5°С болған, сатурациясы кемінде 95 пайыз болған, өкпенің қабыну белгілері болған жағдайда (екі өкпенісінің де өзгерісі 25 пайыз болған жағдайда) науқастар ауруханаға жатқызылады.

Сонымен бірге стационарға созылмалы аурулары бар, сонымен бірге гемодиализ шаралары қажет иммундық жетіспеушілігі бар жасы 65-тен асқан науқастар жолданады.

COVID-19 белгілері анықталған азаматтар жатақханаларда тұратын болса және жастары 65 асқан болса, олар да ауруханаға жатқызылуы тиіс.

2. Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін:
• Адамдар көп жиналатын орындардан аулақ жүру;
• Қоғамдық орындарда, қоғамдыө көліктерде маска тағу
• Қолды таза ұстау керек;
• Әлеуметтік қашықтықты сақтау керек

Сонымен бірге, коронавирус инфекциясының таралу қаупі әлдеқайда жоғары орындар аталды. Олар: кеңселер, мектептер және балалар бақшасы, тамақтану орындары мен басқа да жабық орындар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар