COVID-19: Қазақстанда бір тәулікте 9 адам қайтыс болды

/image/2020/06/18/crop-1_46_377x670_zafiksirovan-vtoroy-sluchay-smerti-bolnogo-koronavirusom-v-kazakhstane-_-baigene

Кеше, 17 маусымда Қазақстанда коронавирустан 9 адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда 38 жастағы ер адам, 56, 68, 69, 70, 82 жастағы әйел адамдар; Алматы қаласында 51, 60 жастағы ер адамдар, Шымкент қаласында 41 жастағы ер адам көз жұмған.

Наурыз айынан бері елде барлығы 97 адам коронавирустан көз жұмған. Көш басында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Ел астанасында 21 адам өлген. 

Соңғы ресми ақпарт бойынша, елде 15 877 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 9902-і ауруынан жазылып шықты. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар