Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан тағы 3 науқас қайтыс болғанын хабарлады.
Қайтыс болғандардың ішінде екі әйел 1946, 1952 жылдары туған, ер адам 1963 жылы дүниеге келген. Барлығы да Нұр-Сұлтан қаласының тқрғындары.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия науқастарды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеді.
Осылайша елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны – 15 877-ке жетті. Оның 9902-і емделіп шықса, 100-і қайтыс болған.
Пікір қалдыру