АҚШ президенті Дональд Трамп Атлантадағы афроамерикалық полицей Рэйшард Брукстың өліміне қатысты пікір білдірді.
Трамп тұрғындарға полиция қызметкерлеріне қарсы шықпауға кеңес берді.
– Сіздер полицейлерге бұлай қарсы шыға алмайсыздар. Бұл қайғылы оқиғамен аяқталды. Қалай аяқталғанын көрдіңіздер ме?! Өте жаман, – деді Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
Трамп мән-жайды сот анықтайтынын айтты.
– Сот әділ шешім қабылдайды деп үміттенемін. Себебі біздің елде полицейлерге қатысты әділдік жоқ, – деді Трамп.
Пікір қалдыру