Қазақстан-Қытай шекарасында көліктер топталып тұр

/image/2020/06/18/crop-18_4_968x968_mycollages-2.jpg
Қазақстан-Қытай шекарасында көліктер топталып қалған. Мемлекеттік кірістер комитетінің пікірінше бұл көрші елде пандемияға қарсы күшейтілген шаралардың нәтижесі.
 
"Қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Нұр жолы» өткізу пунктінде Қазақстан Республикасынан Қытайға шығу үшін автокөліктердің топталуы байқалуда.
 
Бұл топталу Қытай тарапындағы санитарлық шаралардың күшеюіне байланысты. COVID-19 пандемиясына дейін Қытай тарапы күніне 150-ге жуық автокөлік құралдарын қабылдады, пандемия басталғаннан бастап күніне 20-ға жуық автокөлік құралы өткізілді.
 
Осы мәселені шешу үшін қазіргі уақытта Қытай тарапымен бірқатар келіссөз жүргізілді, соның арқасында Қытай тарапы бүгінде күніне 80-ге жуық автокөлік құралын қабылдайды.
 
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ағымдағы жылғы 10 маусымнан бастап Қазақстан-Қытай шекарасында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты бұрын жабылған «Қалжат», «Бақты» және «Майқапшағай» өткізу пункттері ашылды.
 
Бұл "Нұр жолы" өткізу бекетінде автокөліктің топталуын азайтуға мүмкіндік береді. "Нұр жолы" өткізу пунктінде Қытайға экспортқа отандық өнімді тасымалдайтын автокөлік құралдары үшін «жасыл дәліз» құрылғанын және мұндай көлікті өткізу кезектен тыс жүзеге асырылатынын атап өту қажет.
 
Өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша Қытай тарапымен жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар, бүгінгі таңда бос көліктің Қытайға кіру және тасымалдау шарттарының болмауы себебі бойынша сондай-ақ кері бос қайтару фактілері орын алуда.
 
Мұндай өткізу шекарада көліктердің қосымша топталуын құрайды. Осыған байланысты, көлік компанияларының назарын Қытайдан жүк тасымалдауға тауарларды жөнелтушілермен немесе алушылармен уақытылы шарттар жасасу қажеттігіне аударамыз" делінген мәлімдемеде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар