Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларды азаптап жатқан видеосы жарияланып, желіде резонанс тудырды.
Видеода балалар орындықта отыр. Ал қарама-қарсы бетте тәрбиеші тұр. Ол кішкентай баланы құлағынан ұстап, есік жаққа алып кетті. Содан тағы бір баланы қолынан алып, құлағынан ұстап басқа бөлмеге алып кетеді.
Бейнекадрда ата-анадан кешірім сұрап жатқан тәрбиешінің сөзі естіліп қалған.
Болған оқиғаға Алматының білім басқармасы түсінік берді.
Оқиға Клочков көшесінде орналасқан № 7 ясли-балабақшасында болған.
– Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Егер дерек дәлелденсе, жауапты қызметкерлер, оның ішінде, меңгерушіден бастап барлығы заңға сәйкес жазаланатын болады, – деді Білім басқармасының қызметкері Қуандық Ешімет.
Пікір қалдыру