Маңғыстаулық волонтерлар марапатталды

/image/2020/06/18/crop-318_128_476x730_snimok-ekrana-595.png

Маңғыстаулық волонтерлар марапатталды. Бүгін "Nur Otan" партиясының Маңғыстау облыстық филиалында ТЖ және карантин режимі кезінде көмекке мұқтаж өңір тұрғындарына көмек көрсеткен волонтерлар мен белсенді азаматтар марапатталды.

kju
Өңірдің ерікті жастары дағдарысқа қарсы шараларға, мұқтаж қазақстандықтарға қарқынды көмек қолын созды. Айта кетсек облыс бойынша бойынша 100-ге тарта ерікті, 6 мыңға жуық отбасыға адрестік жәрдем берілді.

gtg
Республикалық «Birgemiz» қорынан өңірлік қорға барлығы 979,1 млн. теңге бөлініп, 19582 мұқтаж жанға 50 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетті.

Сонымен қоса, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен тұрғындарға қолдау білдіру мақсатында Маңғыстау облысынан 77,5 тоннаға жуық гуманитарлық жүк Маңғыстау жұртшылығы атынан Түркістандықтарға жеткізілді.

btgeh
Осы күрделі кезеңде облыс бойынша 300-ден аса волонтер бір кісідей еңбек етті.
Олардың қатарында белсенді жас Мұқаш Уралбаев, «Nur Otan» партиясының мүшесі Сәрсенова Айжан, Қалиасқаров Мадияр, кәсіпкер Сақтағанова Медина, Телеубаев Шамрад, волонтерлар корпусының еріктісі Ержан Манарбек, Абуғалиев Асхат, Жолды Асқар, Кульчигаев Өнер Русланұлы, «Nur Otan» партиясының МО филиалының қызметкері Исамбаев Ықылас бар.
"Бұл күндері азаматтарымыздың тарапынан көрсетілетін көмектің маңызы ерекше болды. Олар демалыссыз жұмыс істеп, мұқтаж адамдарға көмектерін жеткізді.
Нағыз патриоттардың, жауапкершілігі мол жас көшбасшылардың жаңа буыны қалыптасқаны мені қуантады. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз осы күрделі кезеңді еңсеріп келеміз. Осы күрделі кезеңде облыс бойынша 300-ден аса волонтер бір кісідей еңбек етті. Волонтерлеріміздің бұл еңбегі көпке үлгі бола білді. Бұл ретте 2019 жылды Нұрсұлтан Әбішұлы «Жастар жылы» деп атаса, ал биылғы жылды ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Волонтер жылы» деп жариялауы символдық мәнге ие болды. Сіздер өз отаншылдықтарыңызды, азаматтық пен жанашырлықтарыңызды таныта отырып, бүкіл өңір жастарына үлгі көрсеттіңіздер.
Қазақта «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қасиетті сөз бар. Осы істеріңізге өңір басшысы ретінде алғыс айта отырып, алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Елдің дамуына жастық жігерлеріңізді жұмсап, өз үлестеріңізді алда да қоса беріңіздер”,- деді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар