Маңғыстауда 5736 оқушы ҰБТ-ға қатысады

/image/2020/06/18/crop-281_132_462x821_snimok-ekrana-596.png

Маңғыстауда 5736 оқушы ҰБТ-ға қатысады. Биылғы оқу жылында Маңғыстау облысында 6365 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде 5931-і күндізгі мектептің, 434-і кешкі мектептің түлектері.

ҰБТ-ға 5736 оқушы қатысады (оның ішінде биылғы бітіруші түлектердің 5448-і (85,6%), бұрын мектеп бітірген 246 түлек пен колледждердің 42 түлегі).

ҰБТ республика бойынша 21 маусым – 5 шілде аралығында өтеді.
Облыста 4 ҰБТ өткізу пункттері бар (ҰБТӨП), олар Ақтау, Жаңаөзен, Бейнеу, Маңғыстау аудандарында орналасқан.

Шалғай ауылдарда тұратын 1034 балаға мектеп автобустарымен тасымал ұйымдастырылады (Маңғыстау - 270, Қарақия – 134, Мұнайлы -562, Жаңаөзен - 68).

Биылғы жылы ҰБТ өткізу жұмыстары екі бағытта ұйымдастырылуда:
Біріншісі, пандемия кезіндегі қатысушылардың қауіпсіздігі, бұл ретте ҰБТ ға қатысушылар 5 кезеңнен тұратын дезинфекциялаудан өткізіледі.

- дезинфекциялық тоннельден өту;
- арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерін зарарсыздандыру;
- қолдарын арнайы сұйықтықтармен зарасыздандыру;
- дене қызуларын өлшеу;
- бір реттік масқалар қолдану.
Бүгінде барлық ҰБТӨП-тер жергілікті бюджет есебінен аталған құрылғылармен қамтамасыз етілді.
ҰБТ – ге кіргізу кезінде қатысушылар баррикадалық ленталармен бөлінген арнайы белгіленген орындарда тұрады.
Отыру орындарының арасындағы 2 метр ара қашықтықты сақтау үшін қатысушылар 30 лекке бөліп кіргізіліпп, 54 аудиторияда 50% толымдылықпен отырғызылады (2019 ж. – 51 ауд. – 11 лек).
Адамдардың шоғырлануын болдырмау мақсатында ата-аналардың ҰБТ пункттеріне келуіне тыйым салынады.
Ата-аналар ҰБТ барысын онлайн режимде Youtube каналынан қарай алады.
Биылғы ҰБТ уақыты 10 минутқа ұзартылды, ол уақыт маскалар ауыстыру, дезинфекциялау және дене қызуын өлшеуге арналады.
Сонымен қатар, ҰБТӨП тер жедел жәрдем қызметі, төтенше жағдайлар және құқық қорғау органдары қызметкерлерімен қамтамасыз етіледі.
Екіншісі – ҰБТ нәтижелерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталады. Барлық аудиториялар орталық трансляцияға қосылатын бейнебақылау жүйелері, ұялы байланысты тұншықтырғыш құрылғылар, металл іздегіштермен толық қамтамасыз етілді.
Биылғы жылы ҰБТ өткізу қағидаларына өзгеріс мен толықтырулар енгізілді.
ҰБТ ға қатысушы осы қағиданың талаптарын бұзған жағдайда тестілеуге кіргізілмейді және аудиториядан шығарылады, тестілеу нәтижелері жойылады.
Қатысушы сол тестілеуге және ағымдағы жылғы тестілеуге жіберілмейді.
ҰБТ тапсырушыларға қойылатын талаптар:
- аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын ҚР БҒМ өкілінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;
- сөйлесуге, орын ауыстыруға;
- калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, түзету сұйықтығын және мобильдік байланыс құралдарын пайдалануға;
- тестілеу материалдарымен алмасуға;
- тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға;
- тестілеу материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждау арқылы бүлдіруге;
- корректор сұйықтығын қолдануға, беттерді жыртуға, бояу қарастырылмаған секторларды (жауап парағының нөмірі) бояуға.
ҰБТ ға қатысуышлар тесілеуге кірер алдында қағиданың талаптары көрсетілген жадынамаға танысады және қол қояды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар