Қазақстан сенаттың экс-спикері, елді 30 жылға жуық үздіксіз билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның Мәскеуде элиталы пәтері бар екені анықталды. Бұл туралы ресейлік The Insider басылымы жазды.
Повар көшесі бойындағы 20-үйде орналасқан көлемі 305 шаршы метрлік пәтердің нарықтағы құны 230 млн рубль (1 млрд 334 млн теңгеге шамалас).
Пәтер 2006 жылы Назарбаева депутат болып тұрған кезде сатып алынған. 2012 жылы пәтер "Файерс Трейдер ЛТД" деген компанияға рәсімделген. Бірақ 2015 жылы Назарбаева жылжымайтын мүлікті қайтадан өз атына жаздырған. Басылым компания Назарбаеваға тиесілі болуы мүмкін екенін жазды.
Портал Дариға Назарбаеваның офшоры барын, Лондонда бірнеше жылжымайтын мүлікке иелік ететінін, оның бірі Шерлок Холмс музей-пәтері екенін, Мәскеуде бұдан өзге жылжымайтын мүлкі бар екенін атап өткен.
The Insider сондай-ақ экс-спикердің әлденеше рет көлеңкелі бизнестен шығуға, қаржы мен активтерді шетелде жасырмауға шақырғанын еске салған.
Пікір қалдыру