Алматының мониторингтік топтары 3,5 мыңға жуық нысанды тексерді

/image/2020/06/21/crop-18_6_743x991_5c51dd6ee6d6d0fa5c986969f07f0fed.jpeg

Алматыда коронавирус инфекциясының таралуымен күрес аясында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтар жұмыстарын жалғастыруда. 15 –18 маусым аралығындағы мониторингтік топтар ШОБ-тің 276 нысанын тексерді. 

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына қайшы келетін тәртіп бұзушылықтар қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан бірқатар асхана, мейрамхана, азық-түлік дүкендері, дәмхана мен кофеханалардан анықталған.

Сонымен бірге тәртіпбұзушылар арасында автошиналар және дисктер дүкені,  азық-түліктік емес дүкендер, сұлулық салондары, шаштараздар, қонақүйлер және самса, донер, фризерлі балмұздақ сататын дүңгіршектер, дәріханалар, аяқ киім жөндеу орны, оқу орталығы, стоматологиялық орталықтар, ломбардтар, нотариус қызметтері, абонеттік есептеу орталығы да бар.

Эпидемиологтар санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығын ескертті. Аталған нысандарда мынадай тәртіп бұзушылықтар анықталған:

- әлеуметтік қашықтық белгілерінің болмауы;
- байланыссыз термометрияның сақталмауы;
- жеке қорғану құралдарын тиісінше пайдаланбау және кәдеге жаратпау
- есепке алу журналының болмауы;
- санитайзерлердің болмауы;
- павильондардың кіреберістерінде дезинфекциялау кілемшелерінің болмауы;
- пайдаланылған маскалар мен қолғаптар үшін қоқыс жәшіктерінің болмауы;
- азық-түлік дүкендеріннің өнімдерінде қорғау пленкаларының болмауы.

Сонымен бірге жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша анықталған тәртіп бұзушылықтар жойылғанға дейін 22 нысанның қызметі тоқтатылды. 

Алматы қаласы бойынша барлығы 3442 нысан тексерілді. Олардың ішінде 402 нысаннан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысындағы талаптардың бұзылғаны анықталды. Осыған байланысты, ескертулерді түзеткенге дейін 303 нысанның қызметі тоқтатылды (олардың ішінде 284 нысан басшылықтың шешімімен, 19 нысан қаулылар бойынша).

Сонымен бірге, қоғамдық көлікте санитарлық талаптардың сақталуына ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта 16 маусымда #102, 48, 19, 115 бағыттардағы қоғамдық көліктерге тексеру жүргізілді. Оның барысында жолаушылардың, сонымен бірге жүргізушінің де жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және жоюдың ережелерін дұрыс сақтамау бұзушылықтар анықталды. Аталған автопарктердің басшыларына ұсыныс хаттар дайындалады. Эпидемиологтар автобус жолаушыларына КВИ алдын алу бойынша түсндіру жұмыстарын жүргізді. 

Еске сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда, олардың құрамына Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі аудандық департаменттерінің, кәсіпкерлік бөлімдерінің, "Атамекен" аймақтық палатасының өкілдері, полиция қызметкерлері және БАҚ өкілдері кіреді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар