Түркістан әкімінен коронавирус анықталды

/image/2020/06/22/crop-137_50_751x1001_2.jpg

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы  Facebook парақшасында жазды.

– Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығым сыр беріп, дәрігерлер көмегіне жүгінген едім. Алдыңғы күні тапсырған ПТР анализі оң нәтиже көрсетіп, Covid-19 індетіне шалдыққанымды растап отыр. Жұмыс барысымен, күнделікті адам саны көп жерлерде болуға мәжбүрміз. Қанша сақтық шараларын орындасақ та, бұл індет шет айналып өтпеді. Нақты кімнен, қашан жұққанын анықтау жұмыстары да жүргізілуде, – деді әкім.

Осылайша ол қазіргі уақытта үйде оқшауланып, жұмысты қашықтан жасап жатқанын атап өтті.

– Қала әкімдігі жұмысы уақытша орынбасарым Мұсаев Тәжібек Қалманұлына жүктелді. Әкімдік ғимаратында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлер де анализ тапсыратын болады. Бұл күндер де көп ұзамай өтіп кетеріне сенемін. Амандықта жүздесу бұйырсын! Дендеріміз сау, жақындарымыз аман болсын!, – деді Рашид Аюпов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар