Алматы қаласы әкімінің өкімімен Ерлан Әділов қалалық Мобилділік басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ерлан Әділов 1976 жылы туған. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Көлік және құқықтану салалары бойынша екі жоғары білімі бар.
Еңбек жолын жеке ұйымдарда қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып бастаған. Көлік саласындағы жұмысы Алматыдағы «№4 автобус паркі» ЖШС техника қауіпсіздігінің инженері ретінде басталған. 2007 жылы аудандық әкімдіктің қызметкері ретінде мемлекеттік қызметке ауысқан.
2008 жылдан бастап Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жұмыс істеген, көлік бөлімінің маманы болған. Аталған басқармада жұмыс атқарған жылдары мемлекетік қызметтің барлық сатыларынан өткен.
2018 жылдан бастап күні бүгінге дейін қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
Пікір қалдыру