Қазақстандықтардың 39%-ы сумен жабдықтау қызметіне шағым білдіруде

/uploads/thumbnail/20170708192405811_small.jpg

Жақында «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстандағы сумен жабдықтау қызметінің сапасы» тақырыбында сауалнама жүргізген болатын. Бұл туралы «Қамшы» порталы  хабарлайды.  

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы өткізген сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 1822 адам қатысқан. Сауалнамаға қатысқандардың   72%-ы әйелдер және 28%-ы ер азаматтар.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 39%-ы Қазақстандағы сумен жабдықтау қызметінің бағасына және сапасына ешқандай сын айтпаған. Ал респонденттердің  18%-ы Қазақстандағы сумен жабдықтау қызметіне көңілдері толатындықтарын айтқан. Сауалнамаға қатысушылардың 16%-ы қызмет көрсету сапасын өте қымбат десе, 13%-ы қызмет көрсету сапасын өте нашар деп бағалаған. Сонымен қатар, бұл қызмет көрсету түріне бей-жай қарайтын қатысушылар 6% болса, сұраққа нақты жауап бере алмағандар 8% -ды құраған.

Зерттеу қорытындысы бойынша, сауалнама қатысушыларының 60%-ы көп қабатты бірнеше пәтерден тұратын үйде, 29%-ы қала ішінде орналасқан жеке үйде, 11%-ы қала сыртындағы жеке үйде өмір сүріп жатқандар  деп көрсетілген.

81% респонденттердің үйі жылу және су құбырларының (канализация) орталықтандырылған жүйесіне қосылған. Қалған 19%-ң үйіне бұл жүйе орнатылмаған.

«Қазақстанның су секторындағы ең өзекті мәселе қандай?» деген сауалға қатысушылар респонденттердің  27%-ы ешқандай мәселе жоқ десе, 21%-ы судың сапасына көңіл толмайтындықтарын айтып шағымданған. Сонымен қатар, 16%-ы инфоқұрылым тозған, нақты айтқанда су құбырлары ескірген деген жауап нұсқасын таңдаған.

Ал, зерттеудің 6%-ын құраған сауалнама қатысушылары кей кездері су тоқтап қалады немесе үзіліспен келеді дейді.

Алматы қаласы тұрғындарының 29%-ы және Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының 31%-ы үшін  инфоқұрылымның  тозығы жетуі Қазақстанның су секторындағы ең өткір мәселе болып отыр. Сұрақтарға жауап берген астаналықтардың 27%-ы, Ақмола облысы тұрғындарының 64%-ы және Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының 26%-ы судың сапасы нашарлығына шағымданады. 

Ал, Оңтүстік Қазақстан облысы атынан сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 34%-ы су және сумен жабдықтау қызметіндегі қымбатшылықты су секторындағы ең өзекті мәселеге жатқызды. 

Су құбырлары арқылы келетін суды денсаулыққа қауіпті деп есептейтін қатысушылардың көп бөлігі Атырау облысында өмір сүреді екен. Сауалнамаға қатысқан атыраулықтардың 32%-ы, алматылықтардың 22%-ы және ақтөбеліктердің 27%-ы су құбырлары арқылы келетін суды ауыз су ретінде тұтынбауға тырысады.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар