Сайран көлінен қауіпті бактериялар табылды

/image/2020/06/25/crop-122_87_576x768_2020062509284430252_106050185_300939034427667_26365157550211.jpg

Алматыда Сайран көлінен қауіпті бактериялардың табылуына байланысты суға түсуге тыйым салынды. Бұл туралы Алмалы мен Әуезов аудандары әкімдігінің  әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

"Алматы қалалық "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сараптамасына сәйкес Сайран көлінің шығыс жағалауынан демалушылардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін микроорганизмдер анықталды. Осы орайда, аталған жағалаудың жабылғанын хабарлай отырып, 2020 жылдың 25 маусымынан бастап суға түсуге тыйым салынатынғын ескертеміз" делінген Алмалы ауданы әкімдігі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, көлдің батыс жағалауында да осы бактериялардың табылуына байланысты Әуезов ауданында да суға түсуге тыйым салынды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар