Ұлттық банк Алматыдан елордаға көшті

/image/2020/06/29/crop-24_2_488x875_2e4a1035a18ed52f9ba9b0908912d6fa_xl.jpg

Қазақстан Ұлттық банкі Нұр-Сұлтан қаласына көшірілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін астанаға көшірілді. Ұлттық банктің жаңа мекенжайы – Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 57 А" деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Қазақстанның қаржы орталығы – Алматы қаласындағы Әйтеке би, 67 мекенжайында Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.

Өкілдік ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, қаржы нарығының субъектілері және халықаралық қаржы институттарымен тығыз өзара әрекеттестікті жалғастырады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар