29-маусым күні белгілі жазушы, журналист Қуандық Шамахайұлының ауруханада қайтыс болғаны хабарланған. Заңгер Ләззат Кендебайқызы жазушының мәйіті коронавирусқа тест тапсырмай туыстарына берілмейтінін айтқан еді. Бүгін заңгер өз Facebook парақшасында жазушының жаназасын таңертең шығарылатынын жазды. Жерлеу рәсімі жаңа ережелерге сай өтетін болады.
"Қуандық ағамыздың жаназасы ертең таңертең шығарылады. Бағана түстен кейін анализ қорытындысын айтты..Жаңа министр бекіткен жаңа Ережелерге сай, мүрдесін туыстарына беретін болғанмен, ауруханадан бірден зиратқа апарып, жерлеу керек екені ескертілді. Алла Алаштың асыл ұлын алдынан жарылқасын!!!",- делінген жазбада.
Пікір қалдыру