Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 41 мыңнан асты

/image/2020/03/19/crop-6_5_275x489_crop-13_140_697x1239_135449909700.jpg

Қазақстанда коронавирус қатысты статистиканы жариялап отыратын coronavirus2020.kz сайты өткен тәулікте елде 1604 адамнан COVID-19 табылғанын хабарлады. 

Сайттың дерегінше, вирус жұқтырғандардың ең көбі Қарағанды облысында тіркелген. Бұл өңірде 191 адамнан вирус анықталса, Батыс Қазақстанда 149 адам індетке шалдыққан. Алматы және Нұр-Сұлтан қаласында да 100-ден аса адамға вирус жұққан.

Соңғы ресми ақпаратқа сәйкес, елде 41 055 адамнан коронавирус табылған. Осы уақытқа дейін олардың 13558-і жазылды, 188-і көз жұмды. 

Қазақстан билігі елде коронавирусқа байланысты 16 наурызда басталып 2 айға жуық  созылған төтенше жағдай режимін алып тастаған соң вирус жұқтырғандар саны күн сайын көбейіп жатыр. Маусым айының басынан бері елде күніне 1000-нан астам адамнан вирус табылып жүр. 

Дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандар 10 миллионнан асып кетті. Олардың 5,3 миллионы індеттен жазылып шықты, жарты миллионға жуық адам қайтыс болды.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар