ОҚО, Кентау қаласында тағы 3 балабақша мен 1 мектеп пайдалануға берілді

/uploads/thumbnail/20170708192425834_small.jpeg

ОҚО, Кентау қаласында тағы 3 балабақша мен 1 мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы «Қамшы» порталы Кентау қалалық әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында атап көрсетілген он бағыттың бірі- өңірлерді дамыту мәселесі. Осы мәселе шеңберінде атқарылатын міндеттің бірі – бір салалы шағын қалаларды дамыту болатын. Осы бағдарламаға енген 27 қаланың бірі Кентау қаласы. Бүгінде бұл қалаға 59 жыл толып. Айтулы күнге орай кеншілер қаласында 4 әлеуметтік нысан ашылып ел игілігіне берілді. Олардың бірі 1200 орындық орта мектеп. Заманауи үлгідегі талаптарына сай салынған бұл мектепте балаларға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, білім ошағына автономды жылу және кәріз жүйесі де тартылған. Осы мереке қарсаңында қалада 260 орындық «Айгөлек», 180 орындық «Сауле» және Хантағы ауылында 140 орындық жалпы үш балабақша ашылып, бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі. Еңбекшілер қаласында биылғы жылы 2 мектеп пен 4 балабақша пайдалануға берілсе, 1 мектеп пен 60 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында қала маңындағы шағын аудандарға инфро құрылымдар тартылып, Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы мен қалалық жүзу басейіндері күрделі жөндеуден өткізілуде. 

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар