Облыс құрылысшылары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын талқылады

/uploads/thumbnail/20170708192425117_small.jpg

Бүгін қала әкімшілігінің ғимаратында мемлекеттік органдар басшыларының құрылыс компанияларының, мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтті. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Жиын барысында Елбасы көтерген «Бес институционалды реформаны» жүзеге асыру міндеттері мен механизмдері талқыланды.

Жиынға қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірнеше тармағының жүзеге асырылуына, соның ішінде құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы қағидатын енгізу, жоба алды және жобалық-сметалық құжатнама сараптамасын өткізуге байланысты мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту, құрылыстың сметалық құнын аңықтаудың ресурстық әдісін енгізу, қенестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу мәселесіне назар аударды.

Маңғыстау облысының құрылыс басқармасының басшысы Орақ Аяповтың сөзінше, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарыны қоғам өмірінің негізгі салаларын, атап айтқанда, құрылыс саласын жаңғыртуға бағытталған.

Қатысушылар Ұлт жоспарының басымдақтарының маңыздылығын ашып көрсетіп, оны іске асырудың негізгі әдістерін талқылады. Жиын қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

  Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар