Семей қаласының әкімі Ермак Салимов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Іnstagram парақшасында жазды.
– Бүгін Covid-19 анықтау мақсатында тапсырған тест оң нәтиже бергені белгілі болды. Шектеулерге қарамастан көп адамдармен белсенді түрде тығыз байланыста жүргізілген жұмыстар өз әсерін көрсетті деуге болады. Бүгінгі күннен бастап қатаң оқшаулау режимінде боламын. Мүмкіндігінше онлайн жұмыс жүргізуге тырысамын. Барлық Семейліктерді сақтық шаралары мен санитарлық қызметтердің ережелерін сақтауға шақырамын. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!, – дейді ол.
Бұған дейін Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, депутат Бекболат Тілеухан, премьер-министр Асқар Мамин, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли және тағы басқа бірнеше шенеунік вирус жұқтырған.
Пікір қалдыру