Ұлыбритания парламенті 3 миллионға жуық гонконгтықтарды қабылдайтынын мәлімдеді

/image/2020/07/01/crop-39_25_617x939_hongkog-uk.jpg

Бейжің билігі Гонконг үшін ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасын қабылдағаннан кейін, Ұлыбритания парламенті 3 миллионға жуық гонконгтықтарды қабылдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Доминик Рааб Британия уақыты бойынша сағат 12.30-да «Гонконгтың ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасы және Ұлыбританияның реакциясы» туралы баяндамасын парламентте жариялаған. Онда 3 миллионға жуық гонконгтықтарға Ұлыбританияның ұлттық төлқұжатын (шетелдіктерге арналған) беру айтылған. 
Кейбір парламент мүшелері бұрынғы британиялық колонияда адам құқықтарының бұзылуына байланысты Қытай мен Гонконг шенеуніктеріне санкциялар салуға шақырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар