Дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 11 миллионнан асты

/image/2020/07/04/crop-2_154_903x1606_regnum_picture_15848614891357306_normal.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 4 шілдедегі дерегіне сай, әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны 11 миллионан асып кетті. COVID-19-дан өлгендер саны – 529 197 адам. 

Жұқтырғандар жөнінен де, өлім фактісі бойынша да АҚШ көш басында тұр. Бұл елде 2 890 588 адам індетке шалдыққан, 132 101 адам көз жұмған. Екінші орында тұрған Бразилияда коронавирусты 1 543 341 адам жұқтырып, олардың 63 254-і өлген.

Үшінші, төртінші орында тұрған Ресей мен Үндістанда індетке шалдыққандар саны 600 мыңның үстінде. Бірақ бұл екі елде де өлгендер саны 20 мыңға жетпейді. Ресейде – 9859 адам, Үндістанда – 18699 адам көз жұмған. 

Испания, Перу, Чили, Ұлыбритания, Мексика, Италия, Иран, Пәкістан, Түркия, Сауд Арабия сынды 10 мемлекетте коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңның үстінде. Ал Германия, Оңтүстік Америка, Франция, Бангладеш, Колумбия, Канада сияқты 6 елде вирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асқан.

Өткен тәулікте 1644 адамынан вирус табылған Қазақстан дүниежүзілік статистикада бір саты жоғарылап, 35-і орында тұр. Қазір елде COVID-19-ды жұқтырғандар саны 45 мыңнан асты. Ал Қазақстаннан бір орын жоғары тұрған Украинда 46 763 адам індетке шалдыққан. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар