Билеп жүрген Дариға Назарбаеваның "қамқорлықпен" айналысып жүргені хабарланды

/image/2020/07/04/104311142700.jpg
Қазақстан сенатының экс-спикері Дариға Назарбава ел астанасындағы "Қамқорлық" коворкинг орталығының жұмысымен танысып жүр. Бұл ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі хабарлады.
 
Қазір Дариға Назарбаева – Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген өзінің әкесі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы дәл осы қордың директоры. 
 
 
Қор баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, Назарбаева барған коворкинг орталықта көпбалалы, жалғыз басты аналар, ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелейтін әйелдер, аз қамтылған азаматтар және ауыр тұрмыстық жағдайда өмір сүретін балалар, мүгедектер оқытылады.
 
Орталық қызметі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының бірлесуімен іске қосылған.
 
Ал Дариға Назарбаева орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысып, кабинеттерді қарап шыққан. 
 
Дариға Назарбаева мамыр айында сенат төрағалығынан кеткелі бері ешқандай қызметке тағайындалған жоқ. Маусым айының соңында әлеуметтік желіде оның бірнеше адаммен бірге белгісіз яхтада әндетіп, билеп жүрген видеосы тараған.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар