Үшінші дүниежүзілік соғыс қатері: Қытай Үндістанға қорқынышты ескерту жасады

/image/2020/07/04/crop-7_6_328x577_india-2552406.jpg

Қытай әскери зымыран сынақтарының қорқынышты көріністерімен Үндістанға ескерту жасады. Бұл туралы Қамшы тілшісі Daily Express газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үндістан премьер-министрінің шекарадағы даулы аймаққа сапарынан кейін Бейжің Қытай армиясының күшін көрсететін жаңа әскери үгіт-насихат видеоларын шығару арқылы қорқынышты ескерту жіберді.

Бейжің бүгін әскери үгіт-насихаттың жаңа бейнесін шығарды. Онда Қытай қарулы күштері түнгі аспанды зымырандармен жарқыратты. Жаңа бейнебаянның түсірілу уақыты Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің Ладах даулы шекаралас аймағына барғаннан бірнеше сағат өткен соң болған. Ладахта ондаған әскердің өмірін қиған Қытай мен Үндістан арасындағы шекаралық қақтығыстар орын алған.

Қытайдың мемлекеттік медиасы "Global Times" жариялаған ең соңғы видео Шыңжаңға жақын жерде түннің ортасында "тірі жаттығуды" көрсетті.

Twitter-де жарияланған видеода "Қытайдың # Шыңжаңдағы #Халықты азат ету армиясы сарбаздарының қарулы жаттығуларын көріңіз" деп жазылған.

Видеода зымырандар, танктер мен әскерлердің барлығы Үндістанмен шекарадағы шиеленіс жағдайында қақтығыстарға дайындалып жатқанын көруге болады.

Одан сәл ертерек Үндістан премьер-министрі Моди даулы шекара аймағына сапарында жараланған әскерилерге үндеу тастаған.

Үндістан премьер-министрі шекарадағы сарбаздарға "Үндістанның жаулары сіздердегі от пен қаһарды көрді. Сіздердің батылдықтарыңыз бәрінен жоғары. Сіздер және сіздердің отандастарыңыз көрсеткен ерлік әлемге Үндістанның күшін көрсетті" және "экспансионизм ғасыры аяқталды" деген болатын.

Айта кетейік, маусым айының ортасында болған шекаралық қақтығыста кемінде 20 үндістандық әскери қаза тауып, кем дегенде 76 адам жараланған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар