Коронавирусқа қарсы вакцина кімдерге салынады?

/image/2020/07/05/crop-27_13_639x852_79002.jpg

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина қандай санаттағы азаматтарға егілетінін айтты.

"Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жасауды жоспарлау вакцина әзірленіп, клиникалық сынақтан өткеннен кейін және препарат бағасы анықталғаннан соң басталуы мүмкін. Қазіргі уақытта вакцина әлі әзірленбеген және оның бағасы да айқындалған жоқ" делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті және созылмалы өкпе аурулары бар тәуекел тобына кіретін адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынатын болады.

Алдын ала болжам бойынша вакцина 2 347 000 жуық адамға салынады.

Еске сала кетейік, елде вирус жұқтырғандар – 47 171, оның ішінде жазылып шыққаны – 15 556, қайтыс болғандар – 188.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар