Трамп: Тарихи мүсіндерді құлатқандар 10 жылға сотталады

/image/2020/07/05/crop-21_16_371x688_aaaaaaabbbbbbcccccc.jpg

Дональд Трамп АҚШ тәуелсіздік күнінде сөйлеген сөзінде тарихи мүсіндерге залал келтірген ашулы топтар кем дегенде 10 жылға сотталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі Twitter-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Өзін солшыл экстремизмге қарсы қорғаушы ретінде көрсете отырып, коронавирустық пандемия туралы мәлімдемелер жасаған АҚШ президенті тәуелсіздік күнінде тарихи мүсіндерді қиратқандар "АҚШ тарихын өшіруге тырысады" деп айыптады.

Дональд Трамп нәсілдік тәртіпсіздікті "тарихымызды өшіру, батырларымызды қорлау, құндылықтарымызды жоғалту және балаларымызды тәрбиелеу жөніндегі қатыгез науқан" деп атады.

– Федералды агенттер Вашингтондағы ұлы Эндрю Джексонның мүсініне залал келтіруге жетекшілік еткен күдіктіні қамауға алды. Одан өзге жүздеген адам қамауға алынды. Өткен аптада америкалық ескерткіштер мен мүсіндерді қорғау туралы бұйрыққа қол қойдым. Біздің ескерткіштеріміз бен мүсіндерімізді бүлдіргендер кемі он жылға түрмеге отырғызылады, – деді Трамп.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар