39 "Алтын белгі" иегерлері де білім грантынан қағылған

/uploads/thumbnail/20170708192504254_small.jpg

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері 2015 жылғы білім беру гранттарын үлестіру  жағдайына түсінік берді. Жоғары оқу орнынан кейінгі  халықаралық қатынастар департаментінің директорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев Астанадағы баспасөз мәслихатында ата-аналар мен түлектерден көптеген арыз түсіп жатқанын хабарлады. Түлектер білім беру грантына іліге алмаған. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы Tengrinews.kz - ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 

Бізде тек "Алтын белгі" иегерлері ғана немесе олимпиада жеңімпаздары ғана кірген бірқатар мамандық бар. Бұл мамандықтар қатарына: халықаралық қатынастар, шығыстану, шетел филологиясы, құқықтану, кеден ісі, экономикалық барлық мамандықтар, медицина жатады. Бұл мамандықтар бойынша 39  "Алтын белгі" иегері грант ала алмады. Себебі, жастардың бұл категориясы тек сұранысқа ие мамандықтарды белгілейді. Әрине, олар өз жинаған балдары бойынша қарастырылады , ал экономикалық және құқықтану мамандықтарына гранттар саны азаяды", - деп түсіндірді Өмірбаев.

Оның айтуынша, "Алтын белгі" иегері болған 39 түлек қана грантсыз қалмаған, халықаралық олимпиадалардың сегіз жеңімпазы да, халықаралық ғылыми жарыстардың 92 жүлдегері де және түрлі шығармашылық және спорт жарыстарының 293 жеңімпазы да грантқа іліге алмады.

"Білім грантын үлестіруде ректорлар жыл сайын грант бөледі. Грантсыз қалған "Алтын белгі" иегерлері құжат тапсырған жоғары оқу орнына келіп, қабылдау комиссиясына жолығуы керек. Барлық ректор бірінші кезекте дарынды балаларды қолдайды", - деді Өмірбаев.

Ол ата-аналар мен талапкерлердің тарапынан болатын түсініспеушіліктің қабылдау комиссиясының сапасыз қызыметінен шығатынын айта келе: "Олар түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізе алмады. Біз жоғары білім беру мекемелеріне хат жолдап, онда қабылдау комиссиясының түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керектігін жаздық", - деді Серік Өмірбаев түлектердің құжатты гранты ең аз мамандықтарға тапсырғаны жайлы сұраққа жауап бере отырып.

Білім грантын үлестіру кезінде әділетсіздіктің таразысы басымырақ болғаны байқалады, "Алтын белгі" иегерлері мен олимпиада жеңімпаздары гранттан қағылып жатыр,  мәліметтерге сүйенсек орыс тілі  бөлімі 59 баллмен грант иегері атанып жатса, мемлекеттік тілімен біріңғай тест тапсырып, грант жағалағандар 80 баллмен көздеген Жоғары оқу орнына түсе алмай жатыр.

 

Гүлден Әбдібақыт

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар