Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігерінің 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес бүгін, 8 шілдеден бастап Атырау станциясы бойынша жолаушылар пойыздары мен тікелей қатынайтын вагондардың келуі мен жөнелтілуі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы жолаушылар тасымалы акционерлік қоғамы хабарлады.
Қаулыға сәйкес, төмендегі бағыттардың қозғалысы тоқтатылған.
– №41/42 "Атырау – Алматы-1" Атыраудан жөнелтілетін 09/07-20, Алматыдан-1 келетін/жөнелтілетін 11/07-20, Атырауға келетін 13/07-20;
– 313/314 "Атырау – Маңғыстау" Атыраудан жөнелтілетін 08/07-20, Маңғыстаудан келетін/жөнелтілетін 09/07-20, Атырау қаласынан жөнелтілетін 10/07-20;
– № 692/691 "Ақтөбе – Атырау" пойызы Ақтөбе қаласынан жөнелтілетін 07/07-20, Атыраудан келетін/жөнелтілетін 08/07-20, Ақтөбеге келетін 09/07-20;
– 05/07-20 бастап Алматыдан жөнелтілетін, 08/07-20 бастап Құлсарыға келетін/жөнелтілетін, 11/07-20 бастап Алматыға келетін №77/78 "Алматы-2 – Маңғыстау" және №313/314 "Атырау – Маңғыстау" жолаушылар пойыздарының құрамында тікелей қатынайтын "Алматы-2 – Құлсары" вагондары.
Аталған пойыздарға алынып қойылған билеттер құайтарылады, қаражат ұстап қалусыз толық көлемде беріледі.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша білуге болады.
Пікір қалдыру