Ресей коронавирусқа қарсы тағы бір препарат ойлап тапты

/image/2020/07/09/crop-10_31_272x484_755926543250370.jpg

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі "Коронавир" деген атау берілген коронавирусқа қарсы үшінші препаратты мақұлдады, деп хабарлады РИА НОВОСТИ.

Бұл "Авиафавиром" мен "Промомед" препараттарынан кейінгі Covid-19 қарсы ресейлік үшінші дәрі.

"Коронавирды" тек стационарлық жағдайда қолдану керектігі айтылған. Бұл дәріні жүктілік кезінде және оны жоспарлау уақытында, бала емізу кезеңінде, сонымен қатар бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар адамдар қолдануға болмайды. Препарат 18 жасқа толмағандарға да кері әсерін тигізеді.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "Авиафиром" препаратына қызыққан болатын.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар