Ресей коронавирусқа қарсы тағы бір препарат ойлап тапты

/image/2020/07/09/crop-2_28_272x484_181354712700.jpg

"Коронавир" деген атау берілген коронавирусқа қарсы ресейлік үшінші препаратты денсаулық сақтау министрлігі мақұлдады деп хабарлады РИА НОВОСТИ.

Бұл "Авиафавиром" мен "Промомед" препараттарынан кейінгі Covid-19 қарсы ресейлік үшінші  дәрі.

"Коронавирды" тек стационарлық жағдайда қолдану керектігі айтылған. Бұл дәріні жүктілік кезінде және оны жоспарлау уақытында, бала емізу кезеңінде, сонымен қатар бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар адамдарда қолдануға болмайды. Препарат 18 жасқа толмағандарға да кері әсерін тигізеді.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "Авиафиром" препаратына қызыққан болатын. Одан бөлек ДДСҰ ресейлік вакцинаның өндіріске енгенін күтіп отыр.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар