Коронавирус: Халықаралық гуманитарлық ұйым адамдар аштықтан қырылатынын ескертті

/image/2020/07/09/crop-52_14_768x1989_aaaaaaa.kkkkkkkkk.jpg

"Коронавирустың өршуі әлемдегі кейбір елдердегі аштық дағдарысын одан сайын күшейтті. Пандемияның әлеуметтік және экономикалық салдарына байланысты аштықтан күн сайын 12000 адам қайтыс болуы мүмкін" деп мәлімдеді бейсенбі күні Оксфам гуманитарлық тобы. Бұл туралы BBC хабарлады.

Ұйымның есебінше, жаппай жұмыссыздық, азық-түлік өндірісінің тоқтауы және пандемия салдарынан көрсетілетін көмектің төмендеуі осы жылы шамамен 122 миллион адамды аштыққа әкелуі мүмкін.

Оксфам Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына сілтеме жасай отырып,  аштық дағдарысын бастан кешіретін адамдардың саны осы жылдың соңына дейін 270 миллионға жететінін мәлімдеді.

Айта кетейік, мамыр айында БҰҰ ашаршылық болуы мүмкін елдерді атаған болатын. БҰҰ "коронавирус көптеген елдерде ашаршылық туғызуы мүмкін" деп мәлімдеп, оған сыртқы қарызы көп, шикізат экспортына тәуелді және халықаралық инвесторлар кетіп жатқан "әлсіз елдер" кіретінін жариялаған. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар