Нейрохирург министрлікке: Статистикамен ойнауды тоқтату керек

/image/2020/07/13/crop-205_45_634x845_maxresdefault.jpg

Нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев денсаулық сақтау министрлігіне coronavirus2020.kz сайтындағы статистиканың шындыққа жанаспайтынын айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

– Coronavirus2020.kz сайтындағы статистиканы көріп шықтым. Бұл көрсеткішке өкпе қабынуынан қайтыс болғандар, оны жұқтырғандар кірмеген. Оның көбеюі осы Covid-19-бен тікелей байланысты. Сондықтан болған жайды мойындап, тиісті шара қабылдау қажет. Статистикамен ойнауды тоқтату керек. 

Сонымен қатар АХЖ-10 ойынының коды (аурулардың халықаралық классификациясы) медициналық көмектің кешіктірілуіне, ауруханаға жатқызудан бас тартуға, өлім-жітімнің өсуіне және амбулаториялық-емханалық көмекті кешіктіруге әкеліп соқты, – деп жазды дәрігер. 

Соңғы деректерге сүйенсек, елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 59 899 адамға жетті. Оның ішінде 34 190 адам жазылып шықса, 375 адам қайтыс болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар