Жол бойында аза тұтқан түркістандық дәрігерлердің әрекеті желіде наразылық тудырды

/image/2020/07/13/crop-173_9_519x692_1594632987_vrch.png

Түркістанда облысында жол бойында тұрып коронавирустан қайтыс болғандарды еске алған дәрігерлердің әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Бұған қатысты Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пікір білдірді.

Оның айтуынша, Түркістандағы бас тудың маңында бір минут үнсіздік жарияланған. Онда полицейлер, қалалық емхананың қызметкерлері, облыс әкімі мен аппарат қызметкерлері қайтыс болғандарды аза тұтқан.

Флешмобты облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері ұйымдастырғаны белгілі болды.

– Шымкенттегі туберкулез диспансерінің бас дәрігері қажет емес бастаманы қолға алып, аурухананың бүкіл ұжымын сыртқы шығарып акция өткізді. Дәрігерлерді осындай қиын сәтте мазалау, былайша айтқанда, қылмыстық озбырлық, – деді Сәкен Қалқаманов.

Сондай-ақ белгілі заңгер Айгүл Орынбек те дәрігерлердің бұл әрекетіне наразылығын білдірді.

– Дәрігерлерді сыртқа шығаруға кім бұйрық берді? Адамдар ауаға зар болып, дәрігерлер жетіспей жатқанда бұлары нес? Түркістан облысына қарасты аурухана! Өліп жатқан адам сіздерге аз болып отыр ма?, – деп жазды заңгер.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар