Тоқаев: Үкімет шілде айына 42500 мың теңге төлейді

/image/2020/07/13/crop-12_9_436x774_photo_327377.jpeg

Қазақстан президенті Қ.Тоқаев елдегі эпидемиологиялық жағдай оңала бастағанын, десе де әлі де шектеу шаралары қажет екенін айтып, мұқтаж азаматтарға 42500 теңге төленетінін айтты.

"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді." делінген Тоқаевтың twitter-дегі жазбасында.

Әзірге әлеуметтік төлем қалай және нақты кімге берілетіні хабарланған жоқ.

Сондай-ақ президент елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасатынын айтты.

"Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет" деп атап өтті ол.

Соңғы ресми дерекке сай Қазақстанда 59 899 адамнан коронавирус анықталған. Оның 34190-ы індеттен айығып шықса, 25 334 науқас емделіп жатыр. 375 адам КВИ-дан қайтыс болған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар