Министр Цой мектепте оқушыларды қашықтан оқытуды ұсынды

/image/2020/07/14/crop-133_13_710x947_je6c8020-e1562129437458.jpg

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қыркүйектен бастап барлық мектептерде оқушыларды қашықтан оқытуды ұсынды.

– Асқар Ұзақбайлы, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырудың шамамен 60 мыңнан аса дерегі тіркелді. Оның ішінде 1700-і бала. Карантин кезінде балалардың инфекция жұқтыру дерегі азайды. Мектептерде күндізгі оқуды жандандыру індеттің таралуына жол ашады. Қазір коронавирустың таралуының қаупі басым. Жыл сайын ЖРВИ және тұмаумен ауыратындар 14 жасқа дейінгі балалардың 70 пайызын құрайды. Коронавирустың таралуын ескере отырып, оқу жылының бірінші тоқсанында шағын жинақты мектептерді есептемегенде орта білім беру ұйымдарындағы барлық сыныпты қашықтан оқытуды қарастырған жөн, – деп айтты.

Ресми дерекке сәйкес, елде 61 755 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған., оның 35 911-і індеттен жазылып шықса, 375 адам қайтыс болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық жағдай оңала бастағанын, десе де әлі де шектеу шаралары қажет екенін айтып, каратин режимі тағы екі аптаға созылатынын хабарлаған. Карантин жалпы жиынтығы 4 ай құрайтындықтан мұқтаж азаматтарға 42500 теңге төленетін болып шешілді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар