Генерал Әмірбек Төгісов коронавирустан қайтыс болды

/image/2020/07/14/crop-3_1_237x282_amirbek.jpg

Доғарыстағы генерал-майор, Қазақстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Әмірбек Төгісов қайтыс болды. Бұл туралы ақын Жұмаш Кенебай өзінің facebook парақшасында хабарлады.

"Оппозиция генералы, Қазақстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, әйгілі "Үш Жүз" партиясы лидерлерінің бірі, ақ генералдар қолынан айуандықпен өлтірілген ұлт серкесі ТӨГІСТІҢ тікелей ұрпағы, арамыздағы бір жас айырмашылығына қарамай құрдасым, замандасым, асыл азамат Әмірбек Төгісовтен қапыда айрылып қалдық!" делінген ақын жазбасында.

Жұмаш Кенебайдың сөзінше, хал үстінде жатқан генералға дәрі табылмаған. Дәрі табылып, таңертеңгісін жеткізгелі отырғанда Әмірбек Төгісовтың түнде жүріп кеткені туралы суыт хабар жеткен.

Әмірбек Төгісов 1949 жылы 30 мамырда Алтай өлкесінде туған. Әскери мәнсабы взвод командирі ретінде басталып, Қазақстанның ішкі әскері командирінің орынбасары, қорғаныс министрінің орынбасары қызметтеріне дейін көтерілген.

Зейнетке шыққаннан кейін "Қазақалтын" мекемесінде қауіпсіздік қызметі департаментінің директоры, артынан басқарушы директор болған.

Сондай-ақ "Әділетті Қазақстан үшін" ұйымының Алматы облыстық филиалының төрағасы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары, парламент мәжілісі депутаттығына үміткер болған.

Жақындарының сөзінше, марқұм коронавирустан қайтыс болған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар