Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде карантин тағы екі аптаға ұзартылып мұқтаж жандарға 42500 теңге әлеуметтік көмек берілетіні туралы мәлімдеді. Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин аталған қаражат карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілер және жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізілетінін айтты. 42500 теңге халықтың керек-жарағына жете ме? Алматылық тұрғындардан осы туралы сұрап көрдік.
Әлеуметтік төлемге қалай өтінім беруге болады немесе төлем автоматты түрде бұрын алған азаматтарға беріле ме ол жағы әзірге айтылмады.
Пікір қалдыру