Коронавирус салдарынан әлемде аштықтан зардап шеккендер саны артуда

/image/2020/07/14/crop-104_74_384x624_2053989.780x480.jpg

Әлемде аштықтан зардап шеккендердің саны өсіп жатыр. Бұл туралы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жариялаған баяндамада айтылған.

2019 жылы әлемде 690 млн адам аштықтан жапа шеккен. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 10 млн, 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен 60 млн адамға көп.

Сондай-ақ 2019 жылы 2 млрд адам тамақ жетіспеушілігінен зардап шеккен.

Мамандар коронавирус пандемиясы жағдайды ушықтыра түскенін айтты. Олардың сөзінше, пандемия кесірінен пайда болған жаһандық дағдарыс тек өндіріске ғана емес, азық-түлікті тұтынуға да әсер еткен.

– Коронавирус пандемиясының денсаулық сақтау, әлеуметтік және экономикалық салаларға кері әсері көп. Бұл тұтынушылық қауіпсіздікке және халықтың осал топтарына қиынға соғады, – дейді БҰҰ өкілдері.

Егер қазіргі үрдіс жалғасатын болса, онда 2030 жылы әлемде 840 млн адам аштықтан зардап шегуі мүмкін. Бұл жағдайда әсіресе балалар қатты зардап шегіп жатыр.

Баяндама авторларының мәліметінше, 2019 жылы әлемде 5 жасқа дейінгі әрбір бесінші балада (21%) дұрыс тамақтанбау салдарынан дамуында ауытқу байқалған.

БҰҰ-ның бағалауы бойынша, аштықтан зардап шегетін адамдардың көпшілігі – 381 млн адам Азияда тұрады. Африкада 250 млн адам, Латын Америкасында және Кариб аймағында 48 млн адам қиын жағдайда.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар