Тікелей эфир барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов карантиндік шаралар күшейтілгеннен кейін Семейдегі жағдай жақсарғанын атап өтті.
Маусым айының басында Шығыс Қазақстанда тіркелген коронавирус ауруының 68% Семейде болған еді. 19 маусымда карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде, соңғы 10 күннің ішінде аталмыш жағдай азайды. Семейде 28 маусым күні COVID-19 вирусын жұқтырған 22, Өскеменде 23 жағдай тіркелді. Семейде 29 маусым күні 11, Өскеменде 21 адамнан вирус анықталды. Соңғы аптада Семейдегі ауру көрсеткіші 1,5 есеге азайды. Облыс орталығында осындай көрсеткіш шілде айының орта шенінде күтілуде.
– Қолданылған шаралар нәтижесін беруде. Сондықтан Өскеменде 24 маусым күні Өскеменде шектеу шаралары бекітілді. Бұл өз кезегінде ауру көрсеткішінің төмендеуіне септігін тигізеді, – Даниал Ахметов.
Өңірде сәуір мен мамыр айларында енгізілген шектеу шараларының нәтижесінде коронавирус көп таралмады. Рұқсатнамалық жүйе қаладағы қозғалысты 50% пайызға азайтты.
– Егер тез әрі нақты көрсеткішке қол жеткізгіміз келсе, осы шараларды сақтауымыз керек. Семейдегі шаралар нәтижесін берді. Біз "тыныш күндер" арқылы сенбі, жексенбі күндері қозғалысты шектеуіміз керек. Бұл оң көрсеткіш береді, – деді Даниал Ахметов.
Пікір қалдыру