Нұр-Сұлтан қаласында ер адам өзінің бұрынғы әйелін сегіз жерден пышақтаған. Бұл туралы "НеМолчи" қорының өкілдері әлеуметтік желіде жазды. Ауруханада түсірілген үрейлі суреттер желіде тарап жатыр.
Қордың негізін қалаушы Дина Смаилованың айтуынша ер адам әйелінің жұмысына келіп, сыртқа шығуын талап еткен.
"Әріптестерінің алдында өзін ыңғайсыз сезінген әйел сыртқа шыққан. Сол сәтте бұрынғы күйеуі оны көлігіне итеріп отырғызып, алып кеткен. Жолда, дәлірек айтқанда Қарағанды тас жолында ол әйелге пышақ тыға бастаған, қарсылық көрсеткен ол көліктің терезесін сындырмақ болды. Сегіз рет пышақпен жарақаттаған соң көлікті тоқтатқан. Басқа көліктердің жандарына келіп жатқанын көріп еркек әйелді жолдың бойына тастап өзі жасырынып қалған. Жолаушылар оқиға орнына жедел-жәрдем және полция қызметкерлерін шақырған",- деп жазды Дина Смаилова өз Facebook парақшасында.
Әйелдің ауруханада түсірілген суреттерін Дина Смаилова өз парақшасына жүктеген.
Пікір қалдыру