Қазақстандықтарға көрші елдерден дәрі-дәрмек әкелуге бола ма?

/image/2020/07/15/crop-65_59_295x400_578a58589ff55f24fa7ce67a921ed3a9073df2c5.jpg

Қазақстандықтар өз қажеттілігі үшін шекаралас елдерден дәрі-дәрмекті еш кедергісіз алып келе алады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова онлайн брифингте айтты. 

Вице-министрдің айтуынша, Ресей Федерациясымен шекаралас жатқан аумақта тұратын қазақстандықтар бұл елден өзі және жақын туған-туыстары үшін тиісті құжаттары болған кезде дәрі-дәрмекті алып келе алады.

– Бүгінгі күні заңнамада өзіне қажетті дәрілік заттарды тасымалдауға шектеу жоқ. Бұл ҚР Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте жазылған. Тиісті құжаттарға сай болса, өз қажеті үшін дәрі-дәрмек әкелуге тыйым салынбаған, – деді Людмила Бюрабекова.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар